Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Өрт сөндіру қызметіне бүгін сағат 08:28-де Тұран 46 а даңғылындағы "Barys City" тұрғын үй кешеінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жанын жатқанын анықтады.
"Қатты түтін болды. Жедел және үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. 16 адамды эвакуациялады. Оның 6-ауы – бала. Сағат 09:10-да өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.