Астанадағы бас мешітте балалар ойнайтын алаң ашылды

1130

Алаңның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, бала тәрбиесіне маңыз берді.  

Астанадағы бас мешітте балалар ойнайтын алаң ашылды Фото: muftyat.kz

"Әл-Фараби бабамыз "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" дейді. Аллаға шүкір, балаларымыздың білім алуларына барлық мүмкіндіктер бар. Мешіттеріміз, ағартушы имам-ұстаздарымыз бала бойында заманауи біліммен бірге рухани ілімді де қалыптастыру үшін қызмет жасауда. Оның айғақтарының бірі бүгінгі ашылған "Дін мен дәстүр" орталығы, мына балалардың ойын алаңы. Балалық шақтан бастап мешіт тәрбиесін алған баладан еліне, халқына жанашыр азаматтардың шыққанына тарих куә. Сондықтан баршаңызды балаларымыздың осы рухани тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырамыз", - деді Наурызбай Тағанұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу