Астанадағы Бас мешітте жанжал болды

265

Елордадағы танымал Орталық мешіт әкімшілігі жұма намазына дейін екі жігіттің арасында жанжал шыққанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанадағы Бас мешітте жанжал болды Фото: Видеодан скрин

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында намаз қатарындағы орынға байланысты екі жас жігіттің арасында түсініспеушілік болған.

– Жұма намазына келген екі жас жігіттің арасында отыру орнына байланысты келіспеушілік болды. Оқиға орнына дереу мешіт қызметкері барып, оларды сабырға шақырып, жағдайды реттеді. Жақында ғана ислам құндылықтарына бет бұрған бұл жастарға ислам бейбітшілік діні екенін, ал мешіт Жер бетіндегі Алланың үйі, құлшылық орны екенін, онда дау-дамай мен жанжалға орын жоқ екенін түсіндірілді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу