Астанадағы бірқатар көше жаңа атауға ие болды

1511

Астанадағы бірқатар көше жаңа атауға ие болды

Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Онда елорданың жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы мәселесі қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz-ке сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Астана тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық Ономастика комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №1 шешімінің негізінде Астана қаласының әкімдігінің қаулысы және Астана қаласының мәслихатының шешімімен: Төмендегі көшелерге: Астана қаласының Алматы ауданы бойынша: жобалық атауы 23-17 көше - Хусейн бен Талал көшесі; жобалық атауы 23-31 көше - Кенен Әзірбаев көшесі; жобалық атауы А 19 көше - Темірбек Жүргенов көшесі; Астана қаласының Есіл ауданы бойынша: жобалық атауы 210 көше - Нияз би көшесі; жобалық атауы 211 көше - Нұрпейіс Байғанин көшесі; жобалық атауы 212 көше - Сұлтанбек Қожанұлы көшесі; жобалық атауы Е10 көше - Орынбор көшесі; жобалық атауы Е 250 көше - Қайым Мұхамедханов көшесі; жобалық атауы Е 350 көше - Никола Тесла көшесі; жобалық атауы Е 573 көше - Рабиға Есімжанова көшесі; жобалық атауы Е 581 көше - Саттар Ерубаев көшесі; жобалық атауы Е 602 көше - Ханшайым Сүйінбике көшесі; жобалық атауы № 26 көше - Бұқар жырау көшесі болып бекітілді. Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша: Иван Панфилов көшесі - Сәкен Жүнісов көшесіне; Б. Майлин көшесі және жобалық атауы А193 көше біріктіріліп - Бейімбет Майлин көшесіне өзгертілді. Астана қаласының Есіл ауданы бойынша: Орынбор көшесі - Мәңгілік Ел даңғылы; Хусейн бен Талал көшесі - Ұлы Дала даңғылы; Еңбекшілер көшесі және жобалық атауы № 36 көше біріктіріліп - Әлихан Бөкейхан даңғылы атауын алды. Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша: Әлихан Бөкейхан көшесі - Әзірбайжан Мәмбетов көшесі болып қайта аталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу