Астанадағы бірқатар медициналық мекеме сенімді басқаруға беріледі

972

Астанадағы бірқатар медициналық мекеме сенімді басқаруға беріледі

Келесі жылы Астанадағы бірқатар медициналық мекеме мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында сенімді басқаруға беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Соңғы 7 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны екі есе көбейді. Осыған орай халықтың медициналық қызметке сұранысын қанағаттандыру үшін медициналық ұйымдар желісін дамыту қажет. Денсаулық сақтау басқармасы МЖС шеңберінде көпсалалы клиника, 12 емхана, оңалту орталығы, патологоанатомикалық бюро, хоспис және медициналық қызметкерлерге арнап тұрғын үй салуды жоспарлап отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров МЖС дамыту мәселесіне арналған жиында.

Айта кетейік, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 37 медициналық ұйым бар. Оның 16 емхана, 20 стационар мен бір жедел жәрдем стансасы. Денсаулық сақтау жүйесінде 9600 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Стационарларға жүгінген пациенттердің саны жылына 190 000 көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу