Астанадағы дәмхананың ойын алаңында баланың табанына медициналық ине кіріп кеткен

156

Енді бала жарты жылдай дәрігер бақылауында болуы тиіс.

Астанадағы дәмхананың ойын алаңында баланың табанына медициналық ине кіріп кеткен Фото: canva

Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының біріндегі ойын алаңында бала зардап шекті. Оның табанына медициналық ине кіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға сол жағалаудағы дәмханалардың бірінде болған. Бұл жағдай туралы баланың ата-анасы желіде жазды. 

"Екі баламыз үшін ойың алаңына кіру ақысын төледік. Ойын алаңында ұлымның сол жақ аяғының табанына белгісіз біреу қалдырып кеткен медициналық шприцтің майысқан инесі кіріп кеткен. Мен баламның денсаулығына алаңдап отырмын. Себебі инені әдейі тастауы мүмкін. Балам жарақат алды, енді жарты жыл бойы инфекционист дәрігердің бақылауында болуы иіс. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақыртылды", – деп жазды қала тұрғыны. 

Бұл дерек бойынша полицияға арыз түскен. Тәртіп сақшылары жан-жақты талдау жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу