Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне бері

663

Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне бері

Бейжіңде G-GLOBAL халықаралық хатшылығының тұрақты хатшысы Сергей Якушевич Астанадағы EXPO-2017-нің бірінші жүлдесін тапсырды. Жүлде қытай сәулетшісі Шу Юнға "Жібек жолының алтын көпірі" скульптурасы үшін берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашық көк түсті фарфордағы "Жібек жолының алтын көпірі" скульптурасының нұсқасы "Белдеу және жол" бастамасының көркемдік тұжырымдамасы және Астанада өткен 2017 жылғы дүниежүзілік көрменің бірегей жәдігері атанды.

Қытайдың өнер қайраткері Шу Юн жібектен "Белдеу және жол" бойында орналасқан елдердің ұлттық гүлдерін жасап, жасанды кәріптастан салынған кірпіштерге орналастырған. Кейін оны Чжаочжоудағы танымал Қытай көпірінің үлгісі бойынша "Жібек жолының алтын көпірін" құрастырған.

Көпірдің ұзындығы 28 метр. Мүсін Қытайдың "Белдеу және жол" бастамасын әртүрлі елдермен ортақтасып іске асыруға және бір тағдыр, ортақ мүдделер мен жалпы жауапкершілікке ие жаһандық қауымдастықты құруға ниетті екендігін білдіреді.

Сергей Якушевич Шу Юнға арнайы марапатты табыстай отырып, "Жібек жолының алтын көпірі" скульптурасының әлемдік даму үшін "Белдеу және жол" бастамасының оңтайлы мағынасын бейнелеп, тағдыры бір қоғамдастықтың керемет тұжырымдамасын көрсете білгенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу