Астанадағы ең қымбат үй сатылымға қойылды

1703

Оның бағасы – 820 миллион теңге.

Астанадағы ең қымбат үй сатылымға қойылды

Астанадағы ең қымбат үйдің бағасы – 820 миллион теңге. Көне дәуір мүсіндері мен классикалық картиналармен безендірілген бұл жеті бөлмелі үй (пентхаус) араб шейхтарының апартаментінен аумайды. Әлбетте, қаланың көрнекті ауданында тұр. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтемемен  altaynews.kz хабарлайды.

Үй иелері алушыларға ішіндегі жиһазын түгел тастап кетпек. Бірақ бұл үйдің өтуі әзірге мүмкін болмай тұр.

"Қымбат үйлердің бос тұруы заңдылық қой. Иесі көбіне шет елдерде жұмыс бабымен жүреді, үй тозып кете ме деп, жалға да бермейді. Кейбір үйлердің құны нарық бағасынан жоғары болғандықтан, өтпей талай уақыт тұрып қалады", – дейді жылжымайтын мүлік жөніндегі кеңесші Руслан Унгефуг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу