Астанадағы ерекше локация қауіпті болғаны үшін жабылды

208

Нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Астанадағы ерекше локация қауіпті болғаны үшін жабылды Фото: видеодан алынған кадр

Соңғы кезде Астанадағы су реттейтін бөгеттің көрінісі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халық жаппай сол жерге ағылды. Алайда ол көпшілік тамашалайтын орын емес, құрылысы аяқталамағандықтан қауіпті, жолдың жан-жағы қоршалмаған, келушілер суға құлап кетуі мүмкін. Сол үшін әкімдік бөгетке баратын жолды жапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Су реттейтін бөгеттің негізгі міндеті — жазғы және қысқы кезеңде қаланың орталық бөлігіндегі өзеннің су деңгейін реттеу.

Сондай-ақ, бөгет өзеннің тасқын суының есептік максималды шығынын 703 м3/с өткізуді қамтамасыз етеді.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін техникалық өткел жабық тұр.

"Нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, елордалықтарды қауіпсіздік шараларын елеусіз қалдырмауға және қорғаныс қоршауынан өтпеуге шақырамыз, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін" дейді әкімдіктен.

Сонымен қатар, нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін жаяу серуенге арналған бөгетті жайластыру мәселесі қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу