Астанадағы EXPO құрылысында олқылықтар анықталды

510

Бірақ нақты қандай құрылыс нормаларының сақталмағаны айтылмады. 

Астанадағы EXPO құрылысында олқылықтар анықталды Фото: Vlast.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту жайында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бақытжан Жүнісбеков қазір бұрынғы көрме кешенінің аумағында тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазірдің өзінде құрылыс ережелеріне кереғар дүниелер анықталған, бірақ спикер нақты қандай оқылық кеткенін айтпады.

"Тексеруді, менің білуімше, Бас прокуратура жүргізді. Ол әлі аяқталған жоқ, сондықтан мен түсініктеме бере алмаймын, бірақ ережеге қайшы дүниелер анықталды. (...) Тексеру нәтижелері әлі жарияланбағанын ескерсек, тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр деп санаймын", - деді Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде.

Жалпы мемлекет кейінгі кездері құрылыс саласының әр деңгейінде мемлекеттік бақылауды күшейтуді қолға алып жатыр.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен (МСҚБ) 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны жайлы 9 242 өтініш келіп түсті. Қолданысқа 5 595 нысан берілді. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырар болсақ, қолданысқа берілген нысандар саны 2%-ға кеміген. МСҚБ органдармен барлығы 1 186 тексеріс жүргізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 40%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу