Астанадағы ғимараттардың бірінің қасбетіне жаңа мурал салынды

88

Гүлдермен көмкерілген қыз баланың бейнесі көктемнің келуін, табиғаттың қайта түлеп, жаңаруын және далаға тән үйлесімділікті білдіреді.

Астанадағы ғимараттардың бірінің қасбетіне жаңа мурал салынды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың Сарайшық ауданында Қуанышбаев көшесі, 11/4 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіне табиғаттың жаңаруы мен қаланың көркем келбетін бейнелейтін "Қыз өссе, елдің көркі" атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қабырғаға салынған туынды қалалық кеңістіктің маусымдық жаңаруы мен өңірдің мәдени болмысын айшықтайтын тұжырымдамаға негізделген.

Композицияда кейіпкердің назары көше кеңістігі мен LRT желісіне ауған. Бұл – қала инфрақұрылымының дамуын сырттай бақылап, алдағы оң өзгерістерді күтуінің символдық көрінісі. Осы арқылы туындыда мәдени мазмұн мен заманауи урбанизация үдерістерінің байланысы көрініс тапқан.
Мұндай көркем жобалар ауданның эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.

Идея авторы әрі муралдың суретшісі – Темірлан Әбенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу