Астанадағы халықаралық әуежайға 23,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды 24.kz7
Әуежайдың бірнеше келісімшарт жасауда заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған. Атап айтқанда, мұнай өнімдерін сақтау үшін қолданылатын ыдыстарды жалға алу шарты бұзылған. Сондай-ақ авиациялық отынды сатуға қатысты келісімдердің де ережеге сай орындалмағаны белгілі болды.
Айта кетейік, Астана қаласының әкімшілік соты осы жылдың тамыз айында әуежайға айыппұл салу жөнінде шешім шығарған еді. Ал акционерлік қоғам басшылары мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Алайда Астана қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, әуежайды әкімшілік жауапқа тарту жөнінде шешім шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу