Астанадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына Ресей азаматтары жүгінбеген

547

Халықты жұмыспен қамту орталығының порталында 6 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. 

Астанадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына Ресей азаматтары жүгінбеген

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына Ресей Федерациясының азаматтары жұмысқа орналасу бойынша жүгінбеген.

Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан мен Ресей азаматтары арасындағы еңбек көші-қоны халықтың көші-қон туралы заңнамасымен, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісіммен реттеледі. Яғни Ресей азаматтары еңбек рұқсаттарын алудан босатылады. Еңбек қатынастары ҚР еңбек заңнамасымен реттеледі. Соған сәйкес жұмысқа қабылдау еңбек шарттарын жасасу арқылы ресімделеді. Дәл осындай нормалар Ресей Федерациясында тұратын және сол жерде жұмыс істегісі келетін азаматтарымыз үшін де қолданылады", – деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді жүзеге асырады. Бірақ Ресей азаматтары үшін бұл қолданылмайды. Себебі ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен реттеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу