Астанадағы IT-стартап орталығы мамандарын Латвияда қабылдауға ұсыныс жасалды

789

Астанадағы IT-стартап орталығы мамандарын Латвияда қабылдауға ұсыныс жасалды

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Солтүстік және Шығыс Еуропа арасындағы жүктер мен туристер ағынын біріктіретін көлік-логистикалық коридор құрылады. Бұл келісімге Қазақстан делегациясының Ригаға сапарында қол жеткізілді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Көлік саласындағы қазақстандық және латвиялық сарапшылар тек қана Қазақстан мен Латвияны ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Солтүстік және Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы жүктер мен туристердің ағындарын біріктіруге көмектесетін мультимодальдық көлік-логистикалық коридор құруды бастауға келісті.

Сондай-ақ, Астанада құрылып жатқан IT-стартап халықаралық орталығының мамандарын Латвияда қабылдау жөнінде ұсыныс жасалды.

Еске сала кетсек, 31 мамыр мен 1 маусым аралығында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған Астананың көрнекті делегациясы Ригаға барып қайтты.

Қазақстандық делегацияның Ригада болу бағдарламасының басты тармағы Роман Василенко мен Латвия Республикасының байланыс министрі Улдис Аугулистің тең төрағалығымен өткен Қазақстандық-латвиялық экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысына қатысу болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу