3 ақпанда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылының бойындағы (Салтанат Сарайы) реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алынып тасталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аталған өткелдің бағдаршам дабылы бар Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы реттелетін қиылысына (бағдаршам дабылымен жарақталған) жақын орналасқанын және автокөлік жолының категориясын (Қабанбай батыр даңғылы), техникалық өлшемдерін (6 жолақ, қозғалыстың қарқындылығы) ескере отырып, жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде туындауы мүмкін апатты жағдайларды болдырмау үшін Қабанбай батыр даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер жолын алып тастау туралы шешім қабылданды.
Жаяу жүргіншілердің Қабанбай батыр даңғылының көлік жүретін бөлігіне бақылаусыз шығуын болдырмау үшін демонтаждан кейін жаяу жүргіншілер қоршауларын орнату, жол белгілері мен белгілеулерін және жарық модульдерін алып тастау қарастырылған.
Жолдан қауіпсіз өту үшін Қабанбай батыр даңғылы Қорғалжын тас жолы қиылысына дейін жүріп, бағдаршам дабылын пайдалану қажет.