Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшер әйелдің күйеуінің айтуынша, оған жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның бас сүйегіне ота жасап, қан кетуді тоқтатып, гематоманы алып тастаған. Сонымен қатар көз, мұрын және шүйде сүйектері сынған.
Зардап шеккендердің барлығы №1 көпсалалы ауруханада жатыр.
– 9 қарашадағы жағдай бойынша 2 адам жансақтау бөлімінде, 3 адам бейінді бөлімшелерде ем қабылдауда. Зардап шеккендердің екеуі еңбек міндеттерін орындау барысында жарақат алған фельдшерлер екенін хабарлаймыз. Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы – орташа, ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр, – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде тараған "фельдшерлердің алған жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылмады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген.
Астана қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 188-бабына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жұмысын орындауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу