Астанадағы кедейлік шегінің мөлшері белгілі болды

511

2023 жылдың 2 тоқсанында елорда бойынша кедейлік шегінің мөлшері 35 482 теңгені құрады.

Астанадағы кедейлік шегінің мөлшері белгілі болды Фото: stan.kz

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті аз қамтылған тұлғаларға көрсетіледі,жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі", - деп атап өтті спикер. 

Айгүл Таласова биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау енгізілгенін еске салды. 

"АӘК тағайындау кезеңіне бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайын қосымша төлем беріледі. 2023 жылы АЕК –  3 450 теңге, АӘК сомасына ай сайынғы қосымша төлем 5 175 теңгені құрайды", - деді ол.

Спикер елде атаулы әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар екенін айтты.

АӘК тағайындау мәселесін қарастыру үшін қаладағы "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығына жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу