Астанадағы кей нысан лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарына сай емес

769

Астанадағы кей нысан лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарына сай емес

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадағы кей мемлекеттік және стратегиялық нысан лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарына толық сай емес болып шықты. Бұл туралы астаналық тәртіп сақшылары наурыз айында басталған "Учаске" жедел алдын алу шарасының кезектен тыс отырысында айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы екі апта ішінде құқық қорғау органдары елордадағы 241 мемлекеттік мекеме мен 10 стратегиялық нысанды тексерген. Талаптарға толықтай сай келмеген нысандарға кемшілікті жою туралы ескерту жасалды.

Сонымен қатар көрме кезінде қалаға келетін меймандардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жалға заңсыз пәтер беруші 616 адам анықталды.

"Ол 616 пәтер бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке пәтер иелері кооперативтерімен қосылып, осы жұмысты әрі қарай жандандырып келеміз. Жыныстық қатынасқа түсуге берілген пәтерлер анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабына сәйкес, әкімшілік жауапқа тартамыз. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 12 осындай пәтер анықталды", – дейді Астана қаласы Сарыарқа АІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Азамат Садықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу