Астанадағы кеме маусымы бірнеше айға кешігіп ашылады

1010

Астанадағы кеме маусымы бірнеше айға кешігіп ашылады

Астанада Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірдің құрылысына байланысты қаладағы жазғы кеме маусымының ашылуы кешіктірілуі мүмкін, деп хабардайды Елорда инфо.

"Есіл Астана" МКҚК сәуір айының соңында техниканы өзенге түсіріп, мамыр айында өзендегі навигация маусымын ашады. Алайда биыл Астанадағы кеме маусымы жұмысын бастамауы мүмкін. Басталса да, бірнеше айға кешіктірілуі ықтимал.

"Есіл Астана" МКҚК директоры Қанат Алинның айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта техниканы суға жіберуді жоспарлап отыр.

"Жыл сайын сәуір айының соңында суда жүзетін техниканы өзенге түсіреміз. Жоспарға сәйкес техниканы суға түсірген соң навигация маусымының ашылуына дайындықты бастаймыз. Биыл 20 сәуірден кейін кемелерді өзенге шығарамыз деп жоспарлап отырмыз және кәсіпорын мамыр айында өзендегі жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге дайын. Алайда, кеме маусымының ашылуына қатысты ештеңе айта алмаймыз. Себебі, қазір Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Навигация маусымының ашылуы құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты. Жоба бойынша көпірді тапсыру уақыты - шілде айы" , - деді   "Есіл Астана" МКҚК директоры Қанат Алин.

Айта кетейік, 2018 жылы теплоходта қатынау бағасы өткен жылдағыдай өзгеріссіз: үлкендерге 1 мың теңге және балаларға 500 теңге көлемінде болады. Өзенде серуендеу уақыты да 40 минут болып сақталады. Алайда жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысына байланысты кемелер әзірге бағдар бойынша қатынай алмайды.  Бүгінгі күні "Би ай групп" компаниясы өзеннің ортасына жасанды дамба салып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу