Астанадағы Кіші Талдыкөлде демалыс аймағы салынады

516

Бұл мақсатқа қала бюджетінен 1,5 млрд теңге қарастырылмақ деп жазады inbusiness.kz.

Астанадағы Кіші Талдыкөлде демалыс аймағы салынады Фото: vlast.kz

"Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін", - делінген елорда мәслихаты шешімінің жобасында.

 Жоспарға сәйкес, Есіл ауданындағы Сығанақ, Қазыбек би, Р.Бағланова көшелерінің бойында демалыс аймағы пайда болады. Көлді, су қорғау аймақтарын қалыпқа келтіру үшін 2023 жылы 1,5 млрд., жолақтар мен белгілерді жаңартуға тағы қосымша 30 млн. теңге жұмсау жоспарланған.

 Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы осылайша су айдынын тұрақты мекеніне айналдырған құс түрлерінің популяциясы сақталады деген пайымда.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, мұнда құстардың 130 түрі тіркелген.

 Аталған жоспарды талқылау бойынша қоғамдық тыңдау 6 наурызда өткені көрсетілген.

Бұған дейін әкімдік экобелсенділер құрылыс алаңына айналмасын деп қорғап жүрген Кіші Талдыкөл жағасына 600 түп ағаш отырғызатындарын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу