Астанадағы "Көктал-1" шағынауданында апат толық жойылып, газ берілді

577

Астанадағы "Көктал-1" шағынауданында апат салдары жойылып, барлық абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы "Көктал-1" шағынауданында апат толық жойылып, газ берілді

"Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша "Көктал-1" тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пунктер шкафтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген ұсынылған мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу