Астанадағы Көктал-2 шағын аудан тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

532

Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілерінің көмегімен жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық теледидар қызметтері ұсынылады, деп жазады Inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанадағы Көктал-2 шағын аудан тұрғындары жоғары  жылдамдықты интернетке қосылды Фото: google.com

Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілері арқылы өтеді. Астанп әкімдігінің дерегінше, Көктал тұрғын алабындағы Баршын, Құланотпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т.б. көшелеріндегі 200 үй шаруашылығы қосылуға дайын.

“GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясының басты артықшылығы-қосылымның жоғары жылдамдығы және бірнеше сандық қызметтерді бір сызықта артық сымдарсыз бірден қосу мүмкіндігі. GPON технологиясы абоненттің үйіне оптикалық кабельді тартуды қамтамасыз етеді, үлкен өткізу қабілеттілігін және бірден бірнеше қызметті қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді”, деп көрсетілген таратылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу