Астанадағы жәрмеңкеде Ақмола аграршылары 460 тоннадан аса өнім ұсынды

130

Жәрмеңкеге Ақмола облысының 100-ден астам тауар өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындары қатысты.

Астанадағы жәрмеңкеде Ақмола аграршылары 460 тоннадан аса өнім ұсынды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қорытынды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Ақмола облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сөрелерде ет және шұжық өнімдері, жаңа піскен балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп және көкөністерді қоса алғанда, жалпы көлемі 460 тоннадан астам 50-ге жуық азық-түлік түрі ұсынылды.

Бір күнге шақталған жәрмеңкеге маңызды оқиға ретінде назар аударылды, өйткені онда ассортимент бай әрі шарттар да тиімді болды.

"Жәрмеңкеде біз өз өнімдерімізді делдалсыз ұсынамыз, осылайша елорда тұрғындары тиімді бағамен сапалы өнім ала алады. Бұл астаналықтар үшін де, біздің фермерлер үшін де тиімді. Барлық өнім тез сатылып кетті, біз төртінші жыл тауарларымызды әкеліп жатырмыз және жәрмеңке туралы алдын ала ескертіп қоятын тұрақты клиенттеріміз бар, хабарландыру освлай ауызша тарайды. Олар өз таныстарын да ертіп келеді", – деді сүт өнімдерін сатушылардың бірі.

Іс-шара Ақмола облысы әртістерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен ерекшеленді.

"Біздің мақсатымыз өндірушілер мен сатып алушыларды біріктіру, елордаға нағыз фермерлік өнімнің дәмін беру және өңірдің нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ете алатынын көрсету болды", – деді Ақмола облысы әкімдігінің өкілі.

Жәрмеңке өңірлер мен Астана арасындағы сауда маусымының қорытындылады. Бірақ оның маңыздылығы көлем мен сатылымда ғана емес, фермерлер мен қала арасында алтын көпір болып отыр.

Қала тұрғындары жаңа өнімге ие болвп, аграршылар өткізу нарығын кеңейтіп, қала мен ауыл арасындағы сенім артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу