Ведомство басшысы тарихи тұлғаның аты берілген көшенің ашылу салтанатына қатысты, деп жазады inbusiness.kz.
“Министрліктің бастамасымен ұйымдастырылған шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылды. Біз айтулы күнге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Оның маңызын ескере отырып, Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан астанасында көрнекті қолбасшының есімін ұлықтау туралы шешім қабылдады. Жан-жақты талдаудан кейін таңдау Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге түсті. Енді ол Мысыр сұлтанының есімімен аталады. Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше”, - деп жазды министр.
Оның айтуынша, Сұлтан Бейбарыстың мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.