Астанадағы қымбат қонақүйлерде орын жоқ

967

Астанадағы қымбат қонақүйлерде орын жоқ

Астанадағы қымбат қонақүйлер толып қалды. Бұл ретте Елордада қолайлы бағада пәтерлер мен хостел нөмірлерін алуға бұрынғыша мүмкіндік мол, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Астана Конвенш Бюро" ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбековтың айтуынша, меймандар тарапынан бес немесе төрт жұлдызды қонақүйлерге сұраныс жоғары, ал арзанырақ бағадағы қонақүй, хостел, жатақханаларда орын көп.

"Көрменің алғашқы күндері қонақүй желілері 100% толды. Бес немесе төрт жұлдызды қонақүйлерде тіпті бос орын қалмады. Ал басқа нөмірлерде, айталық, үш жұлдызды қонақүйлерде орын жеткілікті" – деді А. Адамбеков.

Сонымен қатар, қазақстандық тұрғын үй орындарындағы (қонақүйлер) баға шетелдіктер үшін ғана емес, елдің әр өңірінен келетін қонақтарға да қол жетімді деп санайды елорда әкімдігі. Бағаның тез құбылуына жол бермеу мақсатында қала билігі жалға берушілердің арнайы қауымдастығын құрды.

"Біз http://Torlet.com платформа-сайтын құрдық. Бұл вебсайт арқылы онлайн тұрғыда тұратын орынды таңдап, брондауға болады", – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова медиа орталықтың тілшісіне.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ЭКСПО-ның алғашқы күндері елордаға 10 мыңнан астам қонақ келген. Әлемдік жұлдыздардың концерті өтетін күндері мен ірі шаралар кезінде туристер жан-жақтан ағылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу