Астанадағы LRT аялдамалары танымал әншінің даусымен айтылады

777

Оның дауысы бұған дейін радио мен тележобалар арқылы көпшілікке кеңінен танылған.

Астанадағы LRT аялдамалары танымал әншінің даусымен айтылады Фото: inbusiness.kz

Астана LRT жүйесіндегі аудиоақпарат жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал станциялар мен бағыттар туралы дыбыстық ақпаратты қазақстандық танымал әнші, композитор әрі "Мюзикола" тобының солисі Карина Абдуллина дыбыстаған. Оның дауысы бұған дейін радио мен тележобалар арқылы көпшілікке кеңінен танылған.

Айта кетейік, LRT желісі іске қосылғаннан кейін елордадағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындардың жол жүру уақытын қысқарту жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу