Әлеуметтік желіде Астанадағы LRT бағанының қисайып тұрған суреті тарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Qumash телеграм каналы жариялаған суреттен жаңадан құйылған алып бетон бағанның бір жаққа қарай қисайып тұрғанын көруге болады.
Айта кетсек, құрылысы тоқтап қалған Астана LRT-ны салу жұмыстары тамыз айында қайта жанданған болатын. Қазір әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Биыл LRT құрылысына 50 млрд теңге бөлінген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу