Астанадағы LRT бейнесі — билет кассалары мен дүкендер

708

Астанада жеңіл рельсті көлікте (LRT) 18 станция болады, шенеуніктер олардың әрқайсысы барлық қажетті заттармен жабдықталады деп сендіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астанадағы LRT бейнесі — билет кассалары мен дүкендер Фото: Zakon.kz

Астана әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, LRT станциялары қауіпсіздік пен қолжетімділіктің барлық талаптарын ескере отырып салынады.

"Станцияларда билеттерді сатып алуға арналған аймақтар, соның ішінде автоматтандырылған жүйелер, сауда алаңдары мен дәретханалары бар күту залдары, сондай-ақ адамдардың қауіпті жерлерге шығуын болдырмайтын жүйелер болады", - деп хабарлады басқарма.

Станцияға эскалатормен, сондай-ақ лифтпен көтерілуге болады. Лифттер бірінші кезекте жүруге қиналатын азаматтарға арналған болады.

Сонымен қатар, станцияға әр жерден кіруге болатындай етіп Қабанбай батыр даңғылы бойынша 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін және Сығанақ пен Қалдаяқов көшелерінде жеті жер үсті өткелін салу көзделген.

LRT жобасы екі іске қосу кешеніне бөлінгенін еске салмыз. Біріншісі 2024 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Осы уақыт ішінде әкімдік сегіз станция салуға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу