Көліктегі полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Рельсті пойыздағы тәуліктік жолаушылар ағыны 60-70 мың адамнан асады. Мереке және демалыс күндері бұл көрсеткіш екі есеге артады. Осыған байланысты азаматтардың станцияларда да, жылжымалы құрамда да өздерін толық қауіпсіз сезінуін қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр. Күн сайын көлік полициясы мен Ұлттық ұланның 100-ден астам қызметкері станциялар мен пойыздарды патрульдеп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Жалпы, LRT қауіптілігі жоғары аймаққа жатады. Сондықтан жолаушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру зор маңызға ие", – көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов.
Сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайларға уақытылы ден қою, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және полиция қызметкерлері мен LRT мамандарының іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында бірыңғай радиобайланыс жүйесі ұйымдастырылған.
Тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізіп тұрудың маңыздылығын айтты.