Астанадағы LRT рельс жолдарының 25 пайызы төселді

167

Нысанға арнайы техника жеткізілді: маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар.  

Астанадағы LRT рельс жолдарының 25 пайызы төселді Фото: forbes.kz

Екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 километрінің 5,6 километрі төселді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. 

Бұл жүйенің ерекшелігі – құрылыс барысындағы шуды 5-10 дБ-ге дейін азайтады. Әртүрлі жағдайларға тез бейімделеді.

"Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін зерделеуге мүмкіндік берді", - делінген City Transportation Systems (CTS) таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу