Астанадағы Майбалық көлінде 2 балықшы құтқарылды

211

Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Астанадағы Майбалық көлінде 2 балықшы құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпанда таңертең Астанада Майбалық көліне балық аулауға шыққан азаматтар көмекке жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

"Жүргізілген шаралар барысында құтқарушылар 1983 және 1989 жылы туған 2 азаматты эвакуациялады. Олар көліктерін қар құрсауынан өз бетімен шығара алмаған", – делінген хабарламада.

Азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді. 

Балықшылар дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу