Астанадағы медицина университетінің студенттері "қонақ үйде" оқитын болады

598

Бұрынғы қонақ үй Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына өтті.  

Астанадағы медицина университетінің студенттері "қонақ үйде" оқитын болады Фото: Астана - zagranitsa.com

Елордадағы медицина университеті бұрынғы "Рамада Плаза" қонақ үйінің бос ғимаратына көшеді, деп жазады inbusiness.kz www.ktk.kz сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұрынғы қонақ үй Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына өткен көрінеді.

"Бірнеше ай бұрын бұрынғы "Рамада Плаза" қонақ үйінің ғимараты "Астана медицина университетінің" қажеттіліктері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің балансына берілді. Қазіргі таңда мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді "Астана медицина университетінің" баспасөз қызметінің басшысы Гауһар Ақбасова.

Пандемия уақытында мұнда аурухана ұйымдастырылды.

Бұрынғы қонақ үйдің ғимаратына "Шабыт" университеті де біраз уақытқа көшеді.

"Шабыт" ғимаратына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Шамамен 1,5 жыл. Ғимараттың жалпы ауданы 33 мың шаршы метр. Оның ішінде 23 мың шаршы метр комиссия шешімімен бізге өтеусіз негізде уақытша пайдалануға берілді", - деді Қазақ ұлттық өнер университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Тоқтарбек Есенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу