Басына кондиционер құлап қаза тапқан фельдшердің құрметіне арнайы аудитория ашылады

208

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.

Басына кондиционер құлап қаза тапқан фельдшердің құрметіне арнайы аудитория ашылады Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордада тұрғын үй қасбетінде кірпіш қаптамасының құлауы салдарынан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуан ісін тергеуге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл оқиғада құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты көп сұрақ бар, яғни құрылыс кезінде тиісті талаптар ескерілмеген деген күмән айтылып жатыр", – деді Ақмарал Әлназарова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда аталған мәселе бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын еске салды.

"Оқыған медициналық колледжінде дәрісханаға оның есімін беруді жоспарлап отырмыз", – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 8 қарашасында елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Ал 18 қараша күні жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу