Астанадағы мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл жалақы мен сыйақы төленіп келген

217

Қала прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. 

Астанадағы мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл жалақы мен сыйақы төленіп келген Фото: inbusiness.kz

Астанада мектеп бухгалтерлеріне сот үкімі шықты. Олар бірнеше жыл жұмыс істемеген қызметкерлердің жалақысы мен сыйақысын аударып отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру қорытындысы бойынша қала прокуратурасы мектептердің бірінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

"7 жыл бойы жұмыс істемейтін мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақы заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері кінәсін толық мойындады”, – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Сот қаскөйлерді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Олардан мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу