Аталған жағдайға қатысты Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"№73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі. Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарлануда. Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған", - делінген хабарламада.
Білім басқармасының мәліметінше, дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.