Астанадағы мерекелік іс-шараларға 10 мыңға жуық адам барған

204

Мереке құрметіне қонақтар үшін концерттер, эстафеталар, көңілді старттар, сыйлықтар және тағы басқалар әзірленді.

Астанадағы мерекелік іс-шараларға 10 мыңға жуық адам барған Фото: Астана әкімдігі

Астананың аудандарында алдағы Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарламалар өтті.

Іс-шараларға елорданың 10 мыңға жуық қонақтары мен тұрғындары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорданың Сарыарқа ауданында қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында) шығармашылық ұжымдардың жаңажылдық бағдарламасы және шайбалы хоккей бойынша кәсіби хоккейшілердің қатысуымен шеберлік сабақ өтті.

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама аяқталды.

Нұра ауданында "Астана Арена" стадионының тұрағында мерекелік іс-шаралар қатысушыларға арналған сыйлықтармен көңілді старттардан басталды. Қонақтар үшін конькимен сырғанау бойынша шеберлік сабағы, эстафета және концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шаралар кешке дейін жалғасты.

Сарайшық ауданында "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қонақтар көңілді старттарға қатысып, жүлделерді жеңіп алды. Эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Есіл ауданында ЭКСПО аумағындағы мерекелік бағдарлама екі сағатқа созылды, көрермен қауым шайбалы хоккейден шеберлік сабаққа, жүлделері бар спорттық эстафеталарға және концерттік бағдарламаға да қатысты.

Айта кету керек, слайдтар, тюбингтер мен конькилерді жалға беру, мұз айдындары, фотоаймақтар және т. б. жұмыс істей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу