Астанада Қорғалжын тасжолының "Рубеж" бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу