Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр

494

Бұл туралы Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр Фото: bbc.co.uk

– Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірімнің пышақпен шабуыл жасауы салдарынан бетінің жұмсақ тінінде көптеген тілік жарақатын алған 5 жастағы бала №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Бала тексеріліп, ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл пышақ жарақатын алумен байланысты. Отадан кейінгі баланың жағдайы жақсы, – деп басқармадан.

Ведомствоның атап өтуінше, зардап шегушіге қажетті барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, мамандар кеңес өткізді. 

– Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ,  деді Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу