Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысы уақытша, шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:
• 24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Ол жерде "Абу-Даби Плаза" бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.
"Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп қосты ведомство өкілдері.