/img/tv1.svg
RU KZ
Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады

Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады

Шетелдік мамандар осы жылдың шілде айында Астанада босандыру қызметінің медициналық персоналына шеберлік сабағын өткізу үшін шақырылған болатын.

07 Қараша 2018 09:35 489

Астанадағы перзентхананың дәрігерлері Израильге оқуға барады

Бүгін Астанада ана мен балаға қызмет көрсетуді тұрақтандыру мәселесі бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиында Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова, Ана мен бала денсаулығы бөлімінің басшысы Сәуле Мұқышева, елорданың штаттан тыс бас акушер-гинекологы Иван Коркан мен № 3 перинаталды орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина спикер ретінде қатысып сөз сөйледі. 

Кездесу барысында Әлия Рүстемова Астана перинаталды орталығы мен Израилдік дәрігерлер арасындағы әріптестіктің кеңейтіліп жатқаны туралы хабарлады.

 «Біздің акушер-гинекологтарымызды, анестезиолог-реаниматологтарымызды оқыту үшін Израильден мамандар келді. 18 қарашада акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтардың тобы Израильге оқуға барып келеді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Бұл – босандыру қызметі мамандарын ғана оқытуға арналған қаражат», - деп атап өтті Әлия Рүстемова. 

Шетелдік мамандар осы жылдың шілде айында Астанада босандыру қызметінің медициналық персоналына шеберлік сабағын өткізу үшін шақырылған болатын. Бұдан кейін екі жақ оқыту семинарлары мен консультативті-диагностикалық жәрдем шараларын өткізу саласында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Израиль саясаткері коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте Қазақстан халқы мен Үкіметіне қолдау көрсететінін айтты.  

03 Сәуір 2020 21:38 289

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің Президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлесті.

Оның айтуынша, Израиль Қазақстан Президентінің COVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермеу, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі нақты іс-қимылдары мен шешімдерін мұқият бақылап отыр. Реувен Ривлиннің пікірінше, Қазақстан дағдарысқа қарсы барлық шараларды дер кезінде қабылдады және оның бәрі пандемия жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Израиль Президенті қазіргі уақытта бүкіл әлем миллиондаған адамның жаппай індет жұқтыруын болдырмау үшін қатаң қадамдарға барып, тіпті, оқшаулауға және төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзатқа төнген аса қауіпті қатер екенін атап өтті.

«Бүгінде бүкіл әлем пандемиямен оның салдарына тиісті жауап беру мақсатында күш біріктіріп, жұмылуы қажет. Осыған орай Қазақстан аталған қатерге қарсы тұру үшін өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті», – деді Мемлекет басшысы.

Реувен Ривлин екіжақты қарым-қатынастарды талқылай отырып, Қазақстанмен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді. Осыған байланысты ол Қазақстан Президентін 2020 жылы күзде Израильге сапар жасауға шақырды.

Қазақстан Президенті шақыруды ілтипатпен қабыл алды және жаһандық пандемияның салдарын жойғаннан кейін Израильмен арадағы екіжақты байланыстардың даму қарқыны толық қалпына келетініне сенім білдірді.

 

Иран АҚШ-тың 36 әскери базасын бақылауға алып отыр

Иран билігі АҚШ өздеріне шабуыл жасаған жағдайда, Израильді жер бетінен жарты сағатта жойып жіберетінін мәлімдеді.

03 Шілде 2019 17:53 759

Иран АҚШ-тың 36 әскери базасын бақылауға алып отыр

Егер АҚШ Иранға қарсы шабуыл жасаса, олар Израильді жер бетінен жарты сағатта жойып жібереді. Теһрандағы билік осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясатына жауапты комиссия төрағасы Мохтаб Зоннурдың айтуынша, қарулы күштердің дайындығы мығым. Олар Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың барлық 36 әскери базасын бақылауға алып отыр.