Астанадағы саммитке 15 елден 25 делегация келді

214

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне шақырылған елдердің басшылары, Үндістан премьер-министрінен басқа, түгел дерлік жиналды. 

Астанадағы саммитке 15 елден 25 делегация келді Фото: akorda.kz

Жалпы Астанаға  15 елден 25 делегация ат басын тіреді, 7 халықаралық ұйым ШЫҰ-ға қатысып жатыр. Қонақтардың саны 10 мыңнан асты, деп жазады Inbusiness.kz сайты дереккөздерге сілтеме жасап.

Аталмыш шараға байланысты Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Катар, БАӘ, Түркия мен Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары мен Үндістан Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры ат басын тіреді.

"Бүгінгі шараға 15 елден барлығы 25 делегация келді, сонымен қатар 7 халықаралық ұйымның өкілдері қатысып жатыр. Жалпы саммитке байланысты Астанаға 10 мыңнан астам қонақ келді", – деді дереккөз.

Одан бөлек Саммитке БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫДҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ плюс" кездесулері форматында өтеді. 

Жалпы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, Мемлекет басшыларының 3 өтініші, оның ішінде "әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы", "ШЫҰ-ны жетілдіру туралы" бастамасы қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу