Астанадағы Сарыбұлақ өзенінен 200 тонна қоқыс шығарылды

250

"Мөлдір бұлақ" деп аталған осы аптадағы акция барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.   

Астанадағы Сарыбұлақ өзенінен 200 тонна қоқыс шығарылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

 Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр. Экоакция аясында жастар мемлекеттік және басқа да құрылымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейінгі аумақтағы Сарыбұлақ өзенінің жағасын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Экоакцияның 1000-нан астам қатысушысы Сарыбұлақ өзенінің жағасынан 200 тоннадан астам қоқыс жинады.

Қоқысты шығару үшін 190 бірлік техника тартылды, оның ішінде 110 жүк көлік, 80 тиегіш қамтылды.

"Атқарылған жұмыстардың қажеттілігі ағын аумақтарын ҚТҚ-дан тазартумен ғана байланысты емес, сонымен қатар экология мен қоршаған ортаны сақтау жөніндегі жұмыстардың бір бөлігі болып саналады. Осыған ұқсас жұмыстар "Нұра-Есіл" арнасында, "Ақбұлақ" және "Қарасу" өзендерінде жүргізілуде", - деп хабарлады Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы.

Мұндай экоакциялар тұрақты негізде жүргізіледі.

Экоакцияға қатысушылар бірнеше сағат бойы елордалық өзеннің жанында тазалық жүргізіп, көп мөлшерде қоқыс жинап, айналаны аралап көрді.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді,тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу