Бүгін таңертең елордалық полицейлерге сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында таңертең сағат 8:20 шамасында "102" арнасына "Asia Park" сауда орталығының жанынан мәйіт табылды деген қоңырау түскен. Оқиға орнына келгеннен кейін бұл факт расталды", - деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапқан.
Полицияның баспасөз қызметі атап өткендей, қазіргі уақытта қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу