Астанадағы сауда үйлеріндегі ұялы телефон сататын орындар тексерілді

2508

Рейд барысында қолданылған смартфондар сатылатын 200 сауда орны, оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді.

Астанадағы сауда үйлеріндегі ұялы телефон сататын орындар тексерілді

Астаналық полиция қызметкерлері ұялы телефондарды сату және жөндеу объектілеріне рейд жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо полиция департаментіне сілтеме жасап.  

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 2-3 наурыз күндері қолданылған ұялы телефондарды сату бөлімі орналасқан сауда үйлерінде рейдтік іс-шара өткізілді. Аталған рейдтік іс-шаралар бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ ұрланған ұялы телефондарды табуға, ұрланған телефондарды сатып алатын тұлғаларды анықтауға бағытталды.

"Рейд барысында қолданылған смартфондар сатылатын 200 сауда орны, оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді. Полиция қызметкерлері растайтын құжаттарынсыз 1650 ұялы телефонның, 50 ноутбуктың есебі бойынша (көпшілігі "Самсунг" және "Айфон" маркалы телефондар) IMEI-кодтарын салыстыруда және тексеруде", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар полицейлер біле тұра қылмыс жолымен табылған мүлікті сатып алу және сату фактілерінің алдын алу және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу