Астанадағы шағын саябақтың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі беріледі

1216

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Букингем сарайында Король ІІІ Чарльздің Еуропа, Таяу Шығыс, Азия елдерінің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының және корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған қаралы қабылдауына қатысты.

Астанадағы шағын саябақтың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі беріледі

Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания королімен сұхбат барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты.

Бұдан бөлек Президент шешімімен жуырда Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі берілетінін жеткізді. деп жазады inbusiness.kz ҚР Парламентінің Сенатына сілтеме жасап.

Король 1996 жылы елімізге жасаған сапарын еске алып, Қазақстан басшылығы мен халқына өзінің айрықша ілтипатын жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу