Астанадағы шыны-пластикалық құбыр жасайтын зауыт экспорт көлемін ұлғайтады

1309

Астанадағы шыны-пластикалық құбыр жасайтын зауыт экспорт көлемін ұлғайтады

Астанадағы шыны-пластикалық құбыр жасайтын зауыт экспорт көлемін тағы 10%-ға арттырмақ, деп хабарлайды 24Хабар.

Бүгінге дейін бұл мекеме өнімінің 40%-ын шетелге шығарып келген. Енді жаңа технологияның арқасында өндіріс қарқынын одан сайын күшейтуге мүмкіндік алды.

Сәйкесінше, жаңа жұмыс орындары ашылады, өнімнің сапасы жоғарылайды және ең бастысы – сырт елдерден сұраныс көбейе түспек. Шыны пластиктен құбыр жасайтын зауыт 2005 жылы ашылған болатын. Бастапқыда Қазақстан даму банкінен 10 миллион теңге көлемінде несие алған кәсіпорын қазір өндірісті бір жолға қойып, тек отандық қана емес, шетелдік нарықтарды да жаулай бастады.
"2016 жылы Амитех зауыты еуропалық стандарттарды Қазақстанға енгізіп, 2017 жылдан жаңа стандарттарға көшетін болып жатырмыз. Ол өніміміздің сапасын арттыруға көмексетеді. Жалпы айтқанда, әлемдік дағдарыс себебінен Қазақстан экономикасын ұлғайту мәселелеріне өз үлесімізді қосамыз. Сол себепті 2016 және 2017 жылдары экспорттық әлеуметімізді ұлғайтуға күш салып жатырмыз", – зауыт бас директорының кеңесшісі Абзал Садуақасов.

Зауыт үшін 2016 жыл айтарлықтай жемісті болды. Жоспарды асыра орындаған мекеме 130 шақырым құбыр шығарып, өзіндік рекорд орнатты.

"2017 жылға арналған жоспарымыз көп. Оның ішінде мамандардың біліктілігін жетілдіру және жаңа технологияларды игеру бар. Ал ең басты мақсат – экспорт көлемін арттыру. Қазірдің өзінде бірнеше елмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы жоспарымыз 100% орындалады деген сенімдемін", – зауыттың бас директоры Ұлан Сәрсенқұлов.

Қазақстандық құбырларға сұраныс бар елдердің біразымен бүгінге келісім-шарттар жасасып та қойылды. Әзірге көрсеткіш шамамен өнімнің 30%-ы. Ендігі мақсат – оны 50%-ға жеткізіп, тағы бір рекорд жаңарту. Оған барлық мүмкіндік бар, – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу