Астанадағы Сирия келіссөзі 3-4 мамырда өтеді

619

Астанадағы Сирия келіссөзі 3-4 мамырда өтеді

Екі күндік келіссөздің қорытындысында гарант елдер бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар Сириядағы соғысты тоқтату режімін сақтауға назар аударды. Режімді бұзу, мониторинг механизмінің үшжақты тиімділігін арттыру, татуласуға қосылған аудандардың жағдайы, тұтқындар туралы ақпарат алмасу, Сириядағы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұра нысандарын минадан тазалау, халықаралық қауымдастыққа көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Екі күндік келіссөздің қорытындысында гарант елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар құжатында соғысты тоқтату шараларын нығайту және Астана процесінің Женева келіссөзін толықтыру және қосымша рөлі айтылған.

Тараптар келесі кездесуді 2017 жылдың 3-4 мамырында Астанада өткізуге келісті, сондай-ақ Тегерандағы сарапшылық деңгейдегі алдын-ала консультацияны 2017 жылдың 18-19 сәуірінде өткізуді жоспарлады.

Келіссөзге қатысушылар президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және үкіметке Астанада келіссөз ұйымдастыру мүмкіндігіне алғыс білдірді.

Қазақстан Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық үшінші кездесудің қорытындысын сириялық дағдарыстың саяси реттелуіне нақты үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Айта кетейік, Астанада Сирия жөнінде үшінші халықаралық келіссөз өтті. Келіссөзге соғысты тоқтату режімінде гарант елдер – Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері, Иордания, АҚШ, Сирия үкіметі қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу