Астанадағы Сирия келіссөзі осы айда өтетін болды

536

Астанадағы Сирия келіссөзі осы айда өтетін болды

Астанада Сирия келіссөзі ақпанның 20-сы кезінде болуы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрі айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Ресей, Түркия мен Иран, бұрын келіскендей, Астана процесінің 9-шы раундына әзірленіп жатыр. Әзірге келіссөз ақпанның нақты қай күні өтетіні белгісіз. 

"Қалыптасқан дәстүр бойынша бойынша гарант ел өкілдері өзара келер апта раундының күн тәртібін талқылап жатыр. Бізге мәлімдеме берген соң, біз сіздерге жариялаймыз", -дейді министр.

"Ресей мен Иран президенті Астана форматын дамытуға дайын. Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындысын телефон арқылы талқылаған Путин мен Рухани, Астана форматының тиімділігін атап, күн тәртібіне жаңа нақты тақырыптарды енгізуге әзір екенін хабарлады", - деп жазды Кремльдің баспасөз қызметі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу