Астанадағы Сирия келіссөзі жалғасатын болды

640

Астанадағы Сирия келіссөзі жалғасатын болды

Елордадағы Сирия келіссөзі 14-15 наурыз аралығына жоспарланған болатын. Бірақ елдегі қарулы қақтығысты бейбіт жолмен шешу жөніндегі ұйымдастырылған келіссөз тағы бір күнге ұзарды.

Бүгін түнде Астанаға Сирия қарулы оппозициясының өкілдері ұшып келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазіргі таңда Сирия келіссөзі жалғасып жатыр. Күн тәртібіндегі мәселе сіздерге белгілі. Бүгін түстен кейін кеңейтілген отырыс өтеді. Кейін кепілдік беруші мемлекеттер: Түркия, Иран, Ресей өкілдері және ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистердің сұрақтарына жауап береді", – дейді ол.

Сонымен қатар Әнуар Жайнақов елордаға Сирияның қарулы оппозициясының өкілдері ұшып келетінін айтты. Келіссөз тағы бір күнге созылуы мүмкін.

"Бүгін Сирияның қарулы оппозициясы Астанаға ұшып келеді. Кейін олар келіссөзге қатысады. Сирияның оңтүстігі мен солтүстік фронттарындағы оппозиция ертең кепілдік беруші мемлекеттердің сарапшыларымен кеңеседі. Олар елдегі қарулы қақтығысты тоқтату, оқ режімін сақтау мәселелерін талқыға салады. Оппозициядан қанша азамат келетіні кейін белгілі болады. Яғни ертең де Сирия келіссөзі жалғасады", – деп түйіндеді ресми өкіл сөз соңын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу