Астанадағы соғыс ардагерлері 2 миллион теңгеден төлем алады

168

Бас қалада жеті ардагер бар. 

Астанадағы соғыс ардагерлері 2 миллион теңгеден төлем алады Фото: depositos

Биыл Астанада соғыс ардагерлерге төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайып, 2 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлаған. Ал оларға теңестірілген азаматтар 166 мың теңге көлемінде бір реттік төлем алады. 

"Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайды. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың 7 ардагері тұрады. Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде төлем алады", - деп хабарланған әкімдіктің ресми сайтында. 

Сонымен қатар, дереккөзге сүйенсек, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері 45 АЕК (166 140 теңге), "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу